119 студент QR кодпен белгіленген жаңаша үлгідегі диплом алды

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Ленгір қаласында орналасқан «№8 колледж» МКҚК мекемесінде «Мамандығым — мақтанышым» атты диплом табыстау салтанатты іс-шара өтті.

2023 оқу жылында колледжде 119 студент бітіріп, QR кодпен белгіленген жаңаша үлгідегі диплом алды. Студенттердің дені Worldskills стандарттарына сай, демонстрациялық емтихандарды колледж базасында және әлеуметтік серіктестердің мекемелерінде жоғары деңгейде өткізді.

Нәтижесінде кәсіпкерлер таңдау жасап, түлектерді жұмыспен қамтитын болып бірауыздан шешім қабылдады.

Атап айтқанда, тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша «Зәм-Зәм ресто-бар» 46 студент демоемтихан өтіп, кәсіпкер 7 бітіушіні жұмыспен қамтылатынын айтты. Сонымен қатар, колледж ұжымына өз алғысын білдіріп, студенттерді, өндірістік оқыту шеберлерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар