Түркияның ежелгі Перре қаласында жердегі ерекше мозаиканы қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Бұл туралы тілшілерге Адыяман қалалық мұражайының директоры Мехмет Алкан айтты.
Көне жәдігердің жасы – 1800 жыл.
Мехмет Алканның айтуынша, мозаика біздің заманымыздың 3-ші ғасырына жатады.
Перре – Коммагене патшалығындағы көне қала.
Қаланың қалдығы Түркияның оңтүстік-шығысындағы қазіргі Адыяман провинциясында орналасқан.
Фото: Anadolu Agency