21 тамызда мұғалімдердің біліктілік тестілеуі басталады

15-20 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылданады. Тестілеудің өзі 21-28 тамыз аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге кімдер қатыса алады:

— мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

— білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

— жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

— қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

— білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

— техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

— педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектер (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);

— педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);

— педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар