40-шы Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль еншіледі

40-шы Балқан математикалық олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтіп, Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысқан болатын.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан атынан барған 6 оқушы да медальға ие болды.

Олар:

  • Байшуак Райымбек – Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 11 сынып оқушысы;
  • Юркевич Мирон — Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
  • Жан Даутов – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
  • Марғұлан Шарел– Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;
  • Нағашыбек Мухаммед – Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
  • Владимир Роговский – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және дамыту, қатысушы елдер арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасу үшін мүмкіндіктер жасау. Сондай-ақ Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар