Қаза тапқан кеншілер саны 20-ға жетті

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілер саны 20-ға жетті.

Айта кетейік, бүгін таңертең Костенко атындағы шахтада өрт болып, 16 адам көз жұмғанын, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілгенін жазған едік.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Одан бөлек, ҚР Бас прокуратурасы Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Фото: Midjourney

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар