Қазақстанда 6 290 ауылдық елді мекен бар, оның 4 858-і кең жолақты мобильді интернетке қосылған. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті. Министр маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – байланыс саласын дамыту, екенін алға тартты.
— 3G орнына 4-ші буынды байланыспен қамту жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ технологиялық тұрғыда ескірген ADSL жоғары жылдамдықты технологияға ауыстырылады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдер байланыс инфрақұрылымына белсенді инвестиция салып жатыр. Біз өткізген 5G бойынша алғашқы аукцион телекоммуникация нарығының озық өтелетін жобаларға инвестиция салуға үлкен қызығушылығы барын көрсетті,- деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, бүкіл әлемде ойын-сауық контентінің интернет-трафигін пайдалану қарқыны артып отыр. Сондықтан да байланыс инфрақұрылымына жүктеме артып келеді.
Фото ашық дереккөзден