52 колледжде 11 мыңға жуық бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы бітірушілер туралы айтар болсақ, облыс көлемінде 52 колледжде 11 мыңға жуық бітірушілер оқуларын аяқтап, диплом алып шықты.

Дәстүрлі диплом беру рәсіміндері барлық аудан қалада орналасқан колледждерде ұйымдастырылып, онда жұмыс берушілер, кәсіпорындар, жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер палаталары және ата-аналар қатысты.

Сондай ақ, осы іс-шараларда жұмыс берушілер 119 бітірушіге жұмысқа орналасқаны жөнінде хабарланып, жұмыспен қамтылды.

Атап айтқанда, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022-2023 оқу жылында 11 мамандық бойынша 258 түлек диплом алды. Оларға диплом салтанатты түрде тапсырылды. Салтанатты жиынға шақырылған жұмыс берушілер:

  1. Жетісай қаласы әкімі аппараты ММ басшысы Н.Бақтияров;
  2. «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Н.Райымбеков;
  3. «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясы» директоры Р.Мұсабекова;

4.«Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы» директоры Ш.Нұрбеков;

5.«Жетісай аудандық жастар ресурстық орталығының» бас маманы Ә.Әмір;

  1. «Елдос» сауда үйінің және тігін цехының директоры Э.Темірбаева.

Қазіргі таңда оқу орны бойынша 9 бітіруші жұмысқа орналасты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар