Жер сілкінісінен кейін 2 млн тоннадан астам қалдық қалды

Жапониядағы Исикава префектурасының үкіметі Ното түбегінде болған 7,6 балдық жер сілкінісінен 2,44 миллион тоннадан астам қалдық қалғанын хабарлады, деп жазады The Japan Times басылымы.

Табиғи апаттан кейінгі қалдық көлемі префектураның әдетте жеті жыл ішінде шығаратын қалдығының мөлшеріне тең.

Исикава префектурасы 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін қалдықтарды қайта өңдеуді жоспарлап отыр.

Қалдықтар уақытша сақтау орындарына жеткізіліп, жанғыш және жанбайтын, ағаш, металл сынықтарына сұрыптау жасалады. Содан кейін префектураның сыртындағы өңдеу мекемесіне жеткізіледі.

Бұған дейін жер сілкінісінің инфрақұрылымдық шығыны 17,6 миллиард долларға жетуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Фото: JIJI

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар