Қазақстанда түркі мемлекеттеріндегі сайлау жүйелерінің дамуы талқыланды

2025 жылғы 14 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы (ОСО КП) туралы Ережеге қол қойылды және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шараға ТМҰ мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және ТМҰ бақылаушы мемлекет – Мажарстанның орталық сайлау органдарының, сондай-ақ 4 беделді халықаралық ұйым – ТМҰ, Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығы (A-WEB), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Түркі академиясының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің ғалымдары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

«Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысының барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық электоралды ынтымақтастығын нығайтудың, түркі әлемі бірлігінің символы ретінде Түркістан қаласының тарихи және рухани маңыздылығын атап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен конституциялық реформа контекстінде Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы туралы ақпаратты ұсынды.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев, сондай-ақ Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның орталық сайлау органдарының басшылары құттықтау сөз сөйледі. Спикерлер тәжірибе алмасудың және сайлау жүйелерінің дәстүрлі негіздерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Конференцияда түркі мемлекеттеріндегі кәсіби диалог, сайлау жүйелерін дамыту тәжірибесімен сындарлы және нәтижелі алмасу өтті, ал конференция нәтижелері ТМҰ мүше мемлекеттердің сайлау жүйелерін дамытудың заңнамалық негіздері мен практикасын одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді.

Конференция түркі елдерінің сайлау жүйелерінің тарихи және заманауи тәжірибесіне арналған екі секциямен жалғасты.

1-секция: «Түркі қауымдастығындағы сайлау дәстүрлері»

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар