«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУЛАРЫ САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТТ

Сайрам – Түркістан облысындағы халық саны көп аудандардың бірі саналады. Аудан халқының саны 238 мың адамнан асады, 11 ауылдық округке біріктірілген 42 елді мекені бар. Республикалық маңызы бар Шымкент қаласын айнала орналасқан аудан, оңтүстік өңіріндегі ірі транзиттік аумақ саналады. Аудан арқылы магистральды темір жолдар, автокөлік дәліздері өтеді, өңірдің ірі транспорттық-логистикалық бекеті саналады. Аудан экономикасының негізгі құрылымын ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік, өндіріс, сауда-саттық, көлік-логистика салалары құрайды.
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы аудан тұрғындарының сұраныстарын тыңдау үшін, оларды қолданыстағы заңдар аясында және мемлекеттік органдардың қабылдаған жоба-жоспарларының шеңберінде оң шешілуіне мүмкіндіктерді кеңейтуде, аудан орталығы – Ақсукентте және Қожақорған ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау жиындарын өткізді. Қоғамды алаңдатқан түйіткілдерді тыңдауға партия құрған мобильді топтың құрамын «AMANAT» партиясы Орталық аппараты Ұйымдастыру және аймақтық жұмыс департаментінің инспекторы Жәнібек Дарханбаев, партияның Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев бастап келді.
Азаматтарды тыңдауға арналған көшпелі жиындар Түркістан облыстық және Сайрам аудандық мәслихат депутаттары – партиялық фракция мүшелерінің қатысуымен, Түркістан облыстық полиция, төтенше жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экология, еңбек инспекциясы, жер ресурстарын басқару департаменттері өкілдерінің, облыс әкімдігіне қарасты бақылау, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, мәдениет, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік және сауда, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ветеринария, сәулет және қала құрылысы, дене шынықтыру және спорт, жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, экономика және бюджеттік жоспарлау, цифрландыруды дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармаларының, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің жауапты қызметкерлерінің қабылдау жүргізуімен өтті.
Сондай-ақ азаматтар көтерген мәселелерді тыңдауға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының басқарма басшысы, №3 медицина-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы, «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалының қызметкерлері, нотариалдық палатаның өкілі, жеке сот орындаушылар, «Қазақгаз Аймақ», «Оңтүстік Жарық Транзит», «Тұран су» мекемелерінің өкілдері арнайы келді. Жергілікті билік санатында тұрғындар талаптарын Сайрам ауданының басшылығы, аудандық мәслихат төрағасы, аудан прокуроры, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы тыңдады.
«-Облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерде мобильді көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізу арқылы біз азаматтарға өздерінің сұраныстарын облыстық басқармаларға, құқық қорғау органдарына, халықпен тығыз жұмыс істейтін ұйымдарға тікелей қоюға мүмкіндік беретін алаң ашып отырмыз. Бұл біріншіден, халықпен кері байланысты одан әрі жақсарта түсуге ықпал етсе, екіншіден, көптеген мәселелердің созбалаңға салынбай тез шешілуіне жәрдем көрсетіп отырмыз. Бүгін Сайрам ауданының екі елді мекенінде кездесу өткіздік, бізге үміт артып келген азаматтардың қарасы көп болды, азаматтарға жайлы тұрмыс, қолайлы орта түзуде әлі де өзекті мәселелпер бар екені белгілі болды. Барлық сұраныстар хаттамаға енді, олардың орындалуын бақылауда ұстайтын боламыз», — деді «AMANAT» партиясы Орталық аппараты Ұйымдастыру және аймақтық жұмыс департаментінің инспекторы Жәнібек Дарханбаев.
Ақсукент ауылында және Арыс ауылдық округінің Қожақорған елді мекенінде өткен қабылдауларда азаматтар қоғамдық өмірдің көптеген салаларын қамтитын сауалдарын қоюға, оларға нақтылы жауап алуға мүмкіндік жасалды. Тұрғындар тарапынан жер қатынастары саласына қатысты сауалдар, инженерлік инфрақұрылым мәселелері, заңсыз салынған нысандарға қатысты түйткілдер, ағын суды реттеу, субсидия мәселесі, жеңілдетілген несиелермен қамту, иесіз ит пен мысықты аулау, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік нысандар құрылыстары, спорт кешендері мен спорт алаңшаларын салу мүмкіндіктері, елді мекендерде ішкі жолдарды жөндеу, жаңа қоныстанған аймақтардың инфрақұрылымдық ахуалын жақсарту мәселелері көптеп көтерілді.
«AMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар