ТҮРКІСТАНДАҒЫ БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева Түркістан қаласындағы бірқатар бастауыш партия ұйымдарының белсенділерімен кездесіп, партиялық қызметті ілгерілету, азаматтардың өзекті деген талап-тілектерін тыңдау, қоғамның сұранысынан туындап жатқан мәселелерді өзектендіру ахуалы зерделенді, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау бағытындағы жаңа өзгерістер, партия бастамашылдығымен іске асырылып жатқан жобалардың қоғамға пайдалы тұстары жан-жақты түсіндірілді.

Айта кетуіміз керек, жаңарған Түркістанда «AMANAT» партиясының қанаты астында 8 мыңнан астам жақтастарымызды біріктіретін 16 бастауыш партия ұйымы жұмыс жүргізеді. Соның ішінде «Шауғар» бастауыш партия ұйымы 865 азаматты ортақ мақсат аясына біріктіріп, «AMANAT»-тың шын мәніндегі халықтың үніне құлақ асатын, сайлаушылардың талаптарын бұлжытпай іске асыратын партия ретіндегі мәртебесін ілгерілетіп келеді.

Кездесудің мән-мазмұнына кеңінен тоқталған Қалыйма Жантөреқызы, біз бүгін мүлде жаңа саяси жағдайда, сәт сайын құбылып, өзгеріп жатқан тарихи дәуірде өмір сүріп жатқанымызды жеткізді. Мемлекет басшысы қолға алған ауқымды саяси реформалар – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңін қалыптастырғанын айтты. Барлық реформалар заң мен тәртіпке негізделген әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесін түзгенін мәлімдеді.

«- Салық реформасы қоғамда қандай қызу талқыланғанын білесіздер. Жуырда ғана Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Депутаттардың бастамасымен шекаралық аймақтарды дамыту туралы заң жобасы әзірленді. Оған біздің облыстан 9 аудан еніп, жаңа заң жобасының редакциясына енгізілетін ұсыныстар жинақталды. Деструктивті діни ағымдармен күрес мәселесіне де айрықша назар аударылып, бұл бағытта да жаңа заң нормалары қабылданатын болады. Сайып келгенде бұл өзгерістердің бәрі елдің дауы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады. Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы адам құқықтарының қорғалуы, әділеттілік пен теңдік қағидаттарының сақталуымен тығыз байланысты. Қазақстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жүйелі реформалар жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысының саяси шешімдері және тиімді реформаларының аясында әйелдердің экономикалық, саяси және әлеуметтік мүмкіндіктері кеңейіп отыр», — деді Қалыйма Жантөреқызы.

Бастауыш ұйымның атқарып жатқан жұмысы туралы есеп берген «Шауғар» БПҰ төрағасы Бақытжан Құлжабаев Түркістан қалалық мәслихат депутаттарының «Шауғар», «Бекзат» секторларында тұрғындармен өткізген кездесулері туралы мағлұмат берді. Аталған секторлардағы ішкі көшелердің жолдарын жөндеу, инженерлік инфрақұрылымының сапасын арттыру, азаматтар үшін қолайлы орта түзу, аумақтарды абаттандыру, жасыл желек қорын ұлғайту, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Азаматтардан түсіп жатқан өтініштердің мазмұнына тоқталып, партиялық жобалар бойынша қолға алынған бастамалар жайлы мағлұмат берді.

Ұйым мүшелерімен кездесу барысында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, оның ішінді коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер қарастыру, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге берілген жер телімі бойынша мәселелер, тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту жөніндегі сұраныстар көтерілді. Азаматтар көтерген бұл мәселелердің орындалуы партияның Түркістан қалалық филиалының бақылауында болады.

Партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөрееваның партия құрылымдарымен кездесу жиыны Түркістан қалалық орталық ауруханасының базасында әрекет ететін «Салауат» бастауыш партия ұйымында жалғасты. Ұйым жетекшісі, аурухана басшысы Бекзат Берденов кезекті еңбек демалысында болуына байланысты, бастауыш партия ұйымының атқарып жатқан жұмыстары туралы аурухана басшысының орынбасары Бақыт Елеусізова есеп берді. Барлығы 777 адамды біріктіретін ұйымның қызметі белсенді, партия бастамаларын іске асыруда, азаматтардың денсаулығы мен тұрмысын жақсарту жолында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Парламент Мәжілісінің және партиямыздың Төрағасы Ерлан Қошанов медицина қауымдас¬тығының өкілдерін партиямыздың маңыз¬ды тірегі деп атады. Әрбір үшінші медицина қызметкері – «AMANAT» партиясының мүшесі екенін айта отырып, партияның «Дәрігер Talks» платформасы отандық медицина¬ның өзекті мәселелері ашық талқылана¬тын және оны одан әрі дамыту бо¬йынша маңыз¬ды міндеттер әзірленетін бірегей алаң¬ға айналғанын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар