42 жыл бұрын жазылған хат табылды

Нидерланды поштасы 42 жыл бұрын жолданған хатты жеткізді.

Netherlands Post басылымы хат жіберілгеннен кейін араға 42 жыл өткен соң жеткізілді, — деп хабарлайды Lifestyle Dutch News басылымы.

Вероника, Ян мен Маттиас атты азаматтар қол қойған Амстердамның оңтүстік-батысындағы Нейв-Веннеп қаласындағы Людвина мен Пиет Верховенге арналған қарапайым «Қош келдіңіздер» деген ашық хат 1980 жылдың жазында оңтүстік провинциядағы Ховен қаласынан жіберілген.

40 жылдан астам уақыт өткен соң табылған хат «жарамсыз/толық емес мекенжай» деп белгіленген екен.

«Бұл ашық хатты менің әпкем Вероника жіберген», — дейді 64 жастағы Людвина Верховен. «Ондағы мекенжай дұрыс. Негізі мен әлі де сонда тұрамын. Қалайша ол кенеттен пайда болды?» — деп таңданды.

Пошта бөлімшесінің түсіндіруінше, бұрын хаттар кейде қолмен сұрыптау кезінде жоғалып кететін немесе 1980 жылы қате мекенжайға жеткізіліп, әлі де сол жерде қалуы мүмкін еді.

Верховен оның күйеуі мен хатқа қол қойған күйеу баласының дүниеден озғанын және хаттың неге сол кезде оған жеткізілмегенін білмейтінін айтты.

Бұған дейін британдық азамат 1969 жылы жолданған болжамдары орындалған хатты тапқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар