Кәріс фильмдерінің жұлдызы Сон Хе Гё
ELLE Korea басылымына берген сұхбатында өміріндегі өзгерістермен бөлісті. Актриса өмірінің әр сәтін бағалауға тырысатынын айтып, жанкүйерлеріне кеңес берді. Жақында ғана «Слава» (Атақ) дорамасында басты рөлді сомдаған актриса өміріндегі қиын сәттерден қалай шығатыны жайлы айтып, ағынан жарылды.
YesAsia.ru ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, актриса: «Уақыт бәрін өз орнына қояды» деген сөз мені бұрын ренжітетін. Бірақ жылдар өткен соң, мен оның ең жігерлендіретін сөз екенін түсіндім. Уақыт — емші, шынымен де бәрін өз орнына қояды екен», деген өз сұхбатында.
Актрисаның өмірдегі қиындықтарды жеңу туралы бұл сөздері көрермен көңілінен шыққан. Жаңадан жарық көрген дорамадан кейін актриса жайлы жылы пікірлер көбейген. Netflix шығарған көпсериялы фильмде Сон Хе Гё мектеп қабырғасында соққыға жығылып, мазаққа айналған Мун Дон Ын атты арудың рөлін сомдады. Жылдар өте кек алуды көздеген ол мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасады. Осылайша, өз дұшпандарының жолын кесіп, айласын асыра бастайды.
Оңтүстік кореялық актриса Сон Хе Гё қазақ көрермендеріне жақсы таныс. Ол 16 жасынан бастап түрлі сериялдарға түсе бастады.
Сон Хе Гёнің сүйікті ісі – саяхаттау, жүзу және мәнерлеп сырғанау.
Жаңа дораманың жалғасы 10 наурызда көрермен назарына ұсынылады.