Түркістан облысында 907 мектепті әрлеу және сырлау жұмыстары жүріп жатыр

Елімізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Осы жобада 2025 жылға дейін шағын қалалардағы аудан орталықтарында, шалғай ауылдардағы бес мыңнан астам мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, балалардың білім алу жолындағы қауіпсіздігін арттыру көзделген.

Бұл мәселе еліміздегі демографиялық өсімі ең жоғары өңір – Түркістан үшін аса маңызды. Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен білім ұяларының жаңа оқу жылына дайындығы қатаң бақылауға алынған. Облыстағы білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биыл бюджеттен 4 220,8 млн. теңге қаржы қаралды. Оның ішінде 195 білім беру мекемесінің сыртқы қоршауларын талапқа сәйкестендірге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған. Бұл бастама да мектептерде оқушылар қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік бермек.

Сонымен бірге 115 білім беру мекемесінің ішкі әжетханаларын және жеке кәріз жүйелерін (септик) жөндеуден өткізуге 426,9 млн. теңге қаржы қаралып, жеңімпаздары анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылына дейін аяқталуы тиіс.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде Түркістан облысында 907 білім беру ұйымының ғимараттарын әрлеу-сырлау жұмыстарына, құрылыс материалдарын сатып алуға 462,7 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Әрлеу, сырлау жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталады.

«Silknews-ақпарат»

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар