Түркістан облысының бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз жене әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қиымыл жоспарының 77-тармағы бойынша төмендегіні хабарлайды.
Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкес, 1-4 сыныпта оқитын 187 832 балалардың ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 25 каңтардағы №64 қаулысында көрсетілген санаттарындғы 31 577 бала ағымдағы жылы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қалған 156 255 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілмек.
Фото ашық дереккөзден