Түркістандық спортшы Парижге жолдама ұтып алды

Германияның Дуйсбург қаласында байдарка және каноэ есуден және параканоэден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі сынға ұлттық құрама сапында Түркістан облысының 6 спортшысы бақ сынауда.

Әлем чемпионатында параканоэден Бибарыс Спатай 200 метр қашықтықта KL2 сайысы бойынша үздік бестікке еніп, Париж паралимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бибарыс — Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің спортшысы. Енді ол Париждегі додаға дайындалады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар