Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Жаз қызығы-көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында «Түркістан: бес жыл, бес белес» атты әдеби — сазды поэзиялық кеш өтті.
Бес жыл ішінде киелі қала жаңа серпінмен жан-жақты дамып айтарлықтай өзгергені жайлы айтылғаны бейнебаянда көрсетілді. Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Көркемсөз» үйірмесінің оқушылары М.Жұмабаевтың «Түркістан», М.Шахановтың «Баба Түркістан», А.Сопыбековтің «Төрт қақпалы Түркістан», Қ.Сарыбаевтың «Түркістан», Қ.Бегмановтың «Түркістан қаласы» өлеңдері оқылды. Түркі халықтарының рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері айтылды. Әдеби — сазды поэзиялық кеш Б.Анарбаевтың «Түркістан» өлеңімен аяқталды.
Кеш барысында оқушылардың әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырды.