Түркістан облысындағы білім беру мекемелерінде қауіпсіздік жүйесі күшейтілді

Қазірге таңда Түркістан облысының білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.

Оның ішінде 750 бейнебақылау камерасы ІІД-нің жедел басқару орталығына тікелей жалғанған.

SOS батырмасы арқылы санаулы секундта полицейлермен байланыс орнатуға болады.

284 білім ошағына арнайы турникеттер қойылған. 572 мектепке мамандандырылған күзет қызметі іске қосылды. Жаңа оқу жылында да, қауіпсіздік жүйесіне байланысты шаралардың саны артып, толыққанды қажетті техникалармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар