Білім басқармасының басшысы «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ құрылысын тексерді

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Төлеби ауданындағы «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жөндеу жұмыстарын бақылады.

Басқарма басшысы іс-сапар барысында мекеменің ұйықтайтын ғимараты, монша ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарын пысықтады.

Ұйықтайтын ғимаратта 5 отбасы үшін: 5 асхана бөлмесі, 5 әжетхана және жуынатын бөлмелер, 5 қойма бөлмесі, 5 зал, 4 дәліз, қыздар және ұлдарға арналған 13 жатын бөлмесі, 2 медпункт бөлмесі, педагог-психолог кабинеті, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар кабинет, шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар кабинеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің монша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 15 маусым күні басталып, 2023 жылдың 01 қазан айына аяқталады. Монша ғимаратында ұлдар және қыздарға арналған жуынатын жеке бөлмелер, киім ауыстыратын бөлмесі, бу бөлмесі, әжетхана бөлмелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал ұйықтайтын ғимарат 2023 жылдың 15 маусым күнінен басталып, осы жылдың 15-20 тамыз күндері аралығында аяқталатыны жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар