ҚР Бала құқығы жөніндегі уәкілі Закиева Динара Болатқызы 20-21 шілде күндері Түркістан облысына келді. Динара Болатқызы өз сапарын ең алдымен Сарыағаш ауданынан бастады.
Аудан әкімдігінде Түркістан облысы білім басқармасы Кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбекова, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық, полиция, прокуратура, білім әлеуметтік қорғау және ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесіп, балаға қауіпсіз жағдай жасау жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар ҚР бала құқығы жөнінде уәкілі Динара Закиева мен облыстың үкіметтік емес ұйымдары өкілдері кездесті. Өңірдегі балалар мен жасөспірімдерге қатысты қордаланған мәселелер талқыланды. Осы мәселемен айналысып жатқан эксперттер өз тәжірибесімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Динара Закиева ханым өз сөзінде ағымдағы іссапарда жасаған жұмыстарын айтып, облыс әкімдігіне ұсынған жобасын таныстырды.