Созақтық 100 оқушы лагерьге жіберілді

Бүгін Төлеби ауданы, Қасқасу аймағында орналасқан «Көктөбе» лагеріне Созақ ауданының 100 оқушысы жіберілді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, дарынды ауыл балаларының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдау көрсету мақсатында «Жазғы сауықтыру және демалыс жолдамасы» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында демалатын оқушыларға тегін жолдама берілді.

Демалыс орнында оқушылар үшін уақыттарын тиімді өткізіп, спорттық және интеллектуалдық шаралар ұйымдастырылмақ. Балаларға жаңа дос тауып, көңіл көкжиегін кеңейтіп, жаз мезгілін барынша қызықты өткізуге жағдай жасалған.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар