«Балалықтың жан жылуы-кітапта» атты танымдық векторина өткізілді

Бүгін Түлкібас ауданы,Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектеп кітапханасы жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, кітапханаға тарту ,дүниетанымын байыту мақсатында аудандық кітапханаға, Түлкібас кентінде орналасқан «Шынар бастауы» саябағына саяхат ұйымдастырды.

Саяхат барысында балалар кітап бөлімімен танысып, адам өмірінде кітап пен кітапхананың алатын орны,кітап пен журналдар,энциклопедиялардан оқып білуге болатын қызықты оқиғалар туралы балалар ықыласпен тыңдап тамашалады. Іс-шара соңынан оқушылармен «Балалықтың жан жылуы-кітапта» атты танымдық викторина өткізілді.

Қатысушылар танымдық энциклопедиялар және әлем елдері мен таңғажайыптар туралы түрлі -түсті үлкен кітаптарды қызығушылықпен қарап шықты. Осындай жас жеткіншектерді кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар