Балалар мен жасөспірімдердің жазғы уақытта демалысы мен сауықтырылуын дұрыс ұйымдастыра білудің маңызы ерекше. Өйткені балалар жаз кезінде демалады, әрі уақыттарын тиімді өткізеді. Бұл жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу болып табылады.
Сайрам ауданындағы “Болашақ” лагері “Оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорның баланысында. Жазғы сауықтыру лагерінің сыртқы аумағына 1240 түп ағаш отырғызылған, ғимараттың жан-жағы қоршалған, экологиялық таза аймақта орналасқан.
Лагерде 314 орындық 4 жатақхана корпусы бар, əр жатақхана ғимаратында барлық жағдай жасалған, асхана, медициналық пункт, кір жуатын бөлме, жуыну бөлмесі бар.
Футбол, волейбол жəне баскетбол алаңдары; жаттығулар кешені; əткеншектер; спорттық жəне мəдени шаралар өткізуге арналған сахна жəне жүзу бассейні бар.
Дезинфекция және дезинцекция, дератизация жұмыстары жүргізіліп, химиялық және бактериялогиялық зерттеу, судың радиобелсенділігің зерттеу жұмыстары тексеріліп , нәтижесі алынды.
Лагерь аумағында тәулік бойы 3 күзетші кезектесіп жұмыс жасайды.
Жазғы сауықтыру кезінде 8 ауысымда жұмыс жасайды. Лагерде оқушылардың демалысын қызықты өткізуге бағдарлама жасалынған ,сонымен қатар түрлі спорттық жарыстар, байқаулар мен кездесулер, танымдық ойындары жүргізілуде. Лагерь бір мезгілде 314 баланы қабылдауға қауқарлы. Балалардың жасы 7-мен 14 жас аралығында.
Ағымдағы жылға аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және көп балалы ата — ана балалары — 2131 бала , мүмкіндігі шектеулі -69 бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған -61 бала, мектеп интернатынан -151 баланы,ата-аналар төлем ақысынан -100 бала, яғни барлығы 2512 баланы демалдыру жоспарланып отыр.
Тəрбиешілер, дəрігер, медбике, музыка сүйемелдеушісі, денешынықтыру тәрбиешісі , аспаздар және техникалық қызметкерлер жұмыс жасауда. Балаларға нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, балалар күніне 5 мезгіл тамақтандыру (үш мезгіл ыстық тамақ, 2 мезгіл түскі шәй (полдник) беріледі.
Оқушыларға әр ауысымның демалу мерзімі кестемен бекітіп, жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Қазірге таңда 7 ауысымға 2198 бала қабылданды. Соңғы ауысым тамыз айының 19 басталып -27 тамыз күні аяқталады.