Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты Өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары «Мектептен тыс жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспарына» сәйкес Ұлы Дала Елі орталығында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында өнер фестивалін ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану, өнерлі балалардың өнерін шыңдау болды.
Фестивалді Өнер мектебінің директоры Тлеулиев Тұрар ашып берді. Іс-шараға мектебіміздің 30-дан аса оқушылары мен ұстаздары, ата-аналар ат салысып қатысты. Жыр-терме, Халық әні, Домбыра, Абай жолы, Сурет, Ақындық сыныбында дәріс алатын оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ұстаздар мен шәкірттер бірге қосылып та өнер көрсетті. Іс-шара соңында ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта да жасөнерпаздардың талантын танытуға бағытталған іс-шаралар өз жалғасын табады.