ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру» оқу — әдістемелік орталығының «Жаз қызығы — көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» КММ – нің ұйымдастыруымен «Көңілді жаз» тақырыбында мектеп оқушылары арасындағы су жарысы өтті.
Су жарысының мақсаты:
— Оқушылардың «Жаз қызығы –көңілді демалыс» жазғы демалыс уақытындағы іс-шараларға қызықтыру, қызығушылықтарын арттыру.
— Суда жүзудің пайдасын, техникасын меңгерту;
— Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту;
— Оқушылардың су туризміне деген қызығушылықтарын арттыру және
жазғы демалыстарын ұтымды және тиімді өткізу.
Су жарысын «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы ашып, жарысқа қатысушы топтарға сәттілік тіледі.
Сайыс барысында қатысушы топтарға Төтенше жағдайлар қызметкерлері суда жүзу техникасының ережесі таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы 13 топ, 150 үйірмешілермен қызметкерлері қатысты.
«Көңілді жаз» тақырыбындағы қалалық су жарысының қорытындысына сәйкес:
І – орын «Бүркіт» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Бейсенов Шерхан
ІІ – орын «Қыран» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Бейсенбеков Еркебұлан
ІІІ – орын «Тұлпар» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Сұлтанбеков Әбілхайырхан
Жеңімпаз топтар І, ІІ, ІІІ орын жүлделі дипломдарымен марапатталды.
Алдығы уақытта су жарысы өз жалғасын табады!