2023 жылдың 24-25 тамыз күндері Түркістан қаласында білім беру саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»тақырыбында республикалық тамыз кеңесі өтеді.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағыт («бір өңір – бір бағыт») бойынша еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған. Түркістан облысында “Тамыз” кеңесінің негізгі баяндамасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие: біртұтас тәрбие жұмысының бағдарламасы» тақырыбында болады.
Аталған республикалық тамыз кеңесіне еліміздің өзге өңірлерінен 180-ге жуық білім саласының тәрбие бағытына жауапты мамандары қатысады деп күтілуде.
Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, ҚР Парламенті мен мәслихаттарының депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ және ата-аналар қоғамдастықтары өкілдері, Білім саласының ардагерлері, салалық кәсіподақ мүшелері, педагогтер, білім мекемелерінің басшылары, Балалар құқығын қорғау аймақтық өкілдері, Аудан, қала әкімдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ЖОО ректорлары, ғалымдар қатысады.
Тамыз кеңесі екі күнге жоспарланған. Бірінші күні панельдік секция жұмыстары мен шеберлік сыныптары өткізілетін болады. Екінші күні пленарлық мәжіліс Астана қаласына тікелей байланысқа қосылу арқылы өткізіледі және ары қарай өңірде жалғасын табады.