Тамыз кеңесінің алдында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Зерттеулер мен іске асыру тетіктер” талқыланды

Бүгін республикалық тамыз кеңесі аясында «Біртұтатас тәрбие бағдарламасы: зерттеулер мен іске асыру тетіктері” жұмысының таныстырылымы өтті.

Тәрбие семинарына ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының» директоры Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жетекші сарапшысы Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы қатысты.

Семинарды Түркістан облысы Білім басқармасының «Облыстық Білім беруді дамыту» орталығының директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлы жүргізіп отырды.

Сондай-ақ, облысымыздың педагог қызметкерлері, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік кабинеттің әдіскерлері қатысып, бағдарламаға қатысты ойларын ортаға салды.

Аталған жиында сала мамандарымен “Біртұтатас тәрбие бағдарламасы” толық талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Бала тәрбиесінің маңыздылығы айшықталып, сұрақ-жауап арқылы қызметкерлер көкейдегі сауалдарына жауап ала алды.

Тамыз кеңесіне арнайы келген спикерлер республикалық педагогтер жиынында Түркістан облысына берілген негізгі тақырып “Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие” атты идея рухани астанаға жайдан-жай берілмегенін атап өтті. Қаймағы бұзылмаған, қазақылықты ұстанған өлке үшін тәрбие деген ұғымның алыс емес екендігін тілге тиек етті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар