Бүгін Республикалық тамыз кеңесінің секция мәжілісінен кейін Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің секциялық басқосу өтті.
Мәжілісті Түркістан облыс әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы ашып, жүргізіп отырды.
Бүгінгі отырысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел уәкіл аға-лейтенанты Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы, Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Айтпаев Бағланбек Есембекұлы, Түркістан облысының Бала құқығы жөніндегі уәкілі Вероцкая Гүлжан Ералықызы қатысып баяндамаларын оқып, білімге қатысты өз салалары бойынша пікірлерін білдірді.
Мәжіліске аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма және департамент басшылары мен ұстаздар қатысты.
ҚР Президенті Әкімшілігі және Үкіметі тарапынан білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын, білім саласындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты бірқатар тапсырмаларды ортаға салды.
Мәжіліс соңында Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы ардагер ұстаздарды Тамыз конференциясымен құттықтап мақтау қағаздарымен марапаттады.
Қатысушылармен тақырыпты ашық талқылап, бірқатар ұсыныстар айтылды. Барлық спикерлер бала қауіпсіздігін алдынғы орынға қойып, олардың жайма шуақ өмір сүруіне жағдай жасау әдісі бойынша сөз қозғады.