Түркістан облысында Республикалық тамыз кеңесінің секция мәжілісі өтті

Бүгін облыс орталығында республикалық тамыз кеңесінің секциялық жиынының тыңдалымы өткізілді.

Секциялық мәжіліске 400-ге жуық делегат қатысты. Сондай-ақ, мыңға жуық Түркістан облысындағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тәжірибе алмасты.

Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тақырыбы аясында 3 бағыттағы секция мәжілісі ұйымдастырылды.

Бас қосуда рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтың қайнар көздері жайында сөз қозғалды. Әр өңірден келген қонақтарға 30 түрлі баяндама оқылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті.

Нәтижесінде мамандар ойларын ашық ортаға салып, өзара біліктіліктерін арттырды. Айтылған ерекше ұсыныстар 25 тамыз күні өтетін пленарлық мәжіліс қарарына ұсыныстар жолданды.

Секциялық мәжілістен кейін Бүгін Республикалық тамыз кеңесінің секция мәжілісінен кейін Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өтті. Мәжілісті Түркістан облыс әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы ашып, жүргізіп отырды.

Бүгінгі отырысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел уәкіл аға-лейтенанты Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы, Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Айтпаев Бағланбек Есембекұлы, Түркістан облысының Бала құқығы жөніндегі уәкілі Вероцкая Гүлжан Ералықызы қатысып баяндамаларын оқып, білімге қатысты өз салалары бойынша пікірлерін білдірді.

Мәжіліс соңында Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы ардагер ұстаздарды Тамыз конференциясымен құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Қатысушылармен тақырыпты ашық талқылап, бірқатар ұсыныстар айтылды

Айта кетейік, тамыз кеңесінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткізілетін республикалық тамыз кеңесінің пленарлық мәжіліс Астана қаласына тікелей байланысқа қосылу арқылы ертең өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар