Бастауышта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Түркістан облысында жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары түгел бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Яғни, 187 832 бала бұл мүмкіндікке ие болды. Жыл соңына дейін оған облыстық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаржы қаралды.

Ағымдағы жылы асханасы жоқ 110 мектепте оқушыны тамақтандыру мәселесі жақын орналасқан асханасы бар мектептер арқылы шешіледі. Сонымен қатар, ол мектептерге модульдік асхана орнату қарастырылуда.

Қазіргі таңда, облыста 20 мектеп-интернаттағы тамақтандыру мәселесі мемлекеттік-жекешілік әріптесік шеңберінде оң жолға қойып, асханалардың материалдық-техникалық базасы нығайды.

Тамақ сапасы артып, оқушылар мен ата-аналар тарапы разылығын білдіруде. Осы 20 интернаттың ата-аналары өз баласының күнделікті тамақтануын онлайн режимде қашықтан қадағалауға мүмкіндік алды.Бұл үлкен жетістік!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар