Үздік мектеп — үздік білім кепілі

Ұлттың рухани байлығы – білімінде болса, ұстанар бағыты – тәрбиесінде. Ал білімнің сарқылмас көзі – мектепте десек, Жетісай қаласындағы «№7 «Тұран» мектеп-гимназиясы» — тәрбие мен білімді қатар жолға қойған, «Үздік мектеп — үздік білім кепілі» бола білген ауданымыздағы үздік мектептер қатарындағы білім ордасы.

Іргелі білім ошағы заман талабына сай материалдық-техникалық жабдықтармен жасақталған. Жаңа модификациялы химия, биология, физика, ІТ ақпараттық ¬технологиялар кабинеттері және 35 оқу кабинеті, 2 зертхана, 2 шеберхана, 600 орындық асхана, 18х36м көлемді қамтыған арнайы аудандағы ең үлкен, балалардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалған, дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыратын, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорт залы бар. Мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуы, дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Атап өтетін болсам, «Мұқағали Мақатаев», «Абайтану», «Өлкетану» кабинеттері бар.Сондай-ақ, мектебімізде сабақтан тыс 9 үйірме, сабақ барысы бойынша 12 үйірме жұмыс жасайды. Барлығы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бәрі де тегін үйретіледі. Бүгінгі таңда оқушыға берілетін рухани –адамгершілік білімнің мәні зор . Бала бойына адамгершілік тәрбиені сіңіруде мектеп пен отбасының арасында тығыз байланыс болуы керек .

Отбасында ата-анасынан рухани тәрбие алып келген балалар мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстаз тәрбиесін алады. Балаға тәрбие жан-жақты берілсе , жақсы нәтиже береді. Қазіргі уақытта бұл білім ошағында мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекеті айқындалып,мектеп пен отбасының арасында тығыз байланыс орнаған. Мектепте пән мұғалімдерінен балананың жүрегіне жол тауып, олардың көңіліне адамгершілік рухын себе білу шеберлігі талап етіледі. Мұғалім ата –аналармен үнемі байланыста болып , бала тәрбиесіне аса мән береді. «Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойланбауы қажет» деген екен әйгілі әл-Фараби бабамыз. Осы бір сөз біз әңгіме етіп отырған мектептің директоры Хадиша Қожбановаға арналып айтылғандай. Мектеп басшысы жаңалыққа жаны құмар жан. Өз мамандығын құлай сүй¬ген¬діктен болар, өзінің еңбекқор, ту¬рашыл, талапшыл қасиеттерінің арқа¬сын¬да білім ошағының нә¬тижелі жұмыс істеп, мұғалімдердің оқушы¬ларға саналы тәрбие, сапалы білім беруін дұрыс жолға қоя білді. «Заманауи ұстаз- жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген тұлға болуы тиіс» деген талаппен жұмыс атқаруда.Былтырғы оқу жылында аудан бойынша «Жыл директоры» сайысында Хадиша Қожбанова апайымыз «Үздік жыл директоры» номинациясын жеңіп алып, облыс көлемінде өткен сайыста да өзінің жан-жақты басшы екендігін көрсете білді. Мектебіміз бүгінге дейін біршама республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда бақ сынап, биік асуларды бағындырып, жетістіктерге жеткен. Табысты мектептегі ең мықты құрал ол – мектеп ұстаздары десек, түрлі байқаулар мен сайыстарда мектеп ұстаздары және олар тәрбиелеген шәкірттер үлкен жетістіктерге жету үстінде.

Атап айтар болсақ, 2022-2023 оқу жылы барысында «Зерде» ғылыми жобалары бойынша ауданнан 5 оқушымыз облысқа жолдама алып,облыстан 3 оқушымыз республикаға жолдама алды. Республикадан Бақыт Дархан есімді оқушымыз орыс тілі мен әдебиеті бағыты бойынша 3-орын иеленді. Халықаралық тәжірибе алаңында, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Райымбекова Ұлжан апайымыз Астана қаласында өткен форумда делегаттарға сабақ өтіп, сол кездегі білім министрінің қолынан мақтау қағазын алды.Одан бөлек облыс көлемінде өткен «Ақыл-батыл» ой дода мұғалімдер сайысында Тұран командасы 1,2,3 жүлделі орындарды қанжығаға байлап келді.Пән олимпиадалары бойынша да оқушыларымыз аудан көлемінде үздік нәтижелер көрсетіп, облыстан жүлделі орындарды иеленді. Ұстаздарымыз аудандық, облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында жүлделі орын иеленіп, облыс көлемінде 5 мұғалімнің жұмысы таратылды. «Үздік дебат» турнирі бойынша Аралбаев Табиғат ағайымыз «Үздік төреші» номинациясын аудан облыс көлемінде жеңіп алып, командасы чемпион атанды. Мұғалімдер арасында өткізілген пән олимпиадаларының аудандық кезеңіне мектебіміздің ұстаздары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жоғарыда атап өткен жетістіктер нәтижесі ретінде, биылғы жылы 35 бітіруші түлектер мемлекеттік грант иегері атанып, ЖОО -на түсуге мүмкіндік алды. Ұжым ұстаздары «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс — тұрысымен жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада катты әсер етеді» деген батыр-жазушымыз Мәлік Ғабдуллиннің сөзін басшылыққа алғандай. «Мәңгілік Ел» ұғымының түп тамырына үңіле отырып, тұғыры мықты, дін, діл, тіл мәселелерінің бәрін бір арнаға тоғыстырған, бүгінде функционалды сауатты, заман ағымынан қалыс қалмайтын, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды сақтап, ұрпақ тәрбиелеуді өздеріне парыз еткен мектеп-гимназия ұжымы әлі де талай буынды біліммен қанаттандырып, биік белестерге жетелейтіні анық.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар