Сайрам ауданында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Денсаулық — зор байлық» атты денсаулық фестивалі және дене сергіту челленджі болып өтті.
Спорттық іс-шараға Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлнар Тынымбаева және бөлім қызметкерлері, сондай-ақ бөлімге қарасты мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
Фестивальде бөлім басшысы Гүлнар Тынымбаева құттықтау сөз сөйлеп, спорттық іс-шараның маңыздылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған шара шахмат және футбол ойындарымен жалғасын тапты. Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл спорттық шара жалғасын табатын болады.