АШМ бидайды Қазақстанға әкелуге тыйым салу мен шектеулерді ұзартады

Бидайдың «сұр импортын» болдырмау үшін 2023 жылғы 26 қыркүйектегі осы жылдың 11 қазанынан бастап 6 ай мерзімге Қазақстан аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу ұзартылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 26 қыркүйектен бастап лицензияланған элеваторларға, сондай-ақ астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған астық импортын қоспағанда, темір жол көлігімен бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынды.

Темір жол көлігімен әкелуге енгізілетін шектеулер Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдарға қолданылмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар