“Жаз қызығы — көңілді демалыс” атты туристік фестиваль өтті

Түркістан облысы білім басқармасына қарасты “Жас туристер станциясы“ Біркөлік шатқалында туристік фестиваль өткізді. Аталған шараға әр ауданнан 150 ден астам қатысушы келді. Балаларға арналған облыстық шараға Түркістан облысы білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Жандос Маханбетұлы қатысып, жас туристерге сәттілік тіледі.

Жобаның авторы әрі ұйымдастырушысы Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ басшысы Сәуле Өмірбаева орталыққа қарасты мекемелерді біріктіріп, 10-нан аса бағыт бойынша жәрмеңкені көрсетті.

Бұл жиын бұрыңғы жиыннан өзгерек. Осы уақытқа дейін “Жаз қызығы — көңілді демалыс” тақырыбында әр аудандағы станция филиалдары үйірмешілерге танымдық бағыттағы экскурсия жүргізіп келген. Ал бұл жолы аймақ-аймақтағы үйірмешілер Біркөлікте бірікті. Әр өңір өзіндік ерекшеліктеріне байланысты көрме ұйымдастырды. Ашық аспан астындағы шарада Келес ауданының жас шабандоздары ат әбзелдерін таныстырса, Созақтық үйірмешілер садақ атып көзге түсті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Өңірімізде балалармен жасөспірімдер туризмінің барлық бағыттарын дамытып, оқушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау. Туристік –спорттық, ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру. Бастысы, оқушылардың жазғы демалыс уақытындағы бос уақытын тиімді пайдалану

Аталмыш орталық осы жаздың өзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам іс-шара өткізіп үлгерген. “Жаз қызығы Көңілді демалыс бағдарламасы аясындағы көңілді жиын мұнымен аяқталмайды.

Сондай-ақ, әр ауданнан келген үйірмешілер жергілікті табиғат жағдайына байланысты туризм элементтерін көрсетті. Отырарлық оқушылар Қазақша күрес әдістерін көрсетсе, сайрамдықтар туристік бағыттағы әндерді шырқады. Ал, Жас туристердің келесі аялдамасы Сансыз Бабтар мекені Сайрам өңірі.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар