Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі білім жүйесінің сапасын арттыру бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруда.
Осы айдан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы 30 пайызға, колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өседі.
Сондай-ақ, 1,4 миллионнан астам 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады.
55 мың қазақстандық бала оқу жылын жаңа мектептерде бастайды. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.
Еліміздің мектептерінде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылады. Бұл шаралар отандық білім сапасын арттыруға, балаларымыз үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.