Мыңнан аса мектепте алғашқы қоңырау соғылды

Міне, жайдары жаз маусымын алмастырған алтын күздің алғашқы күні өңіріміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар ұйымдастырылды.

Түркістан облысының барлық аудан/қаласында аталып өткен айтулы датада әнұран қалықтап, көк туымыз көкте желбіреген салтанатты шара өтті.

Кез-келген мамандық иелерінің алғашқы ұстазы бар. Түрлі саланың білікті мамандары мектептен білім алған. Сондықтан да, елдің ертеңі – мемлекетшіл жастарды, ұлт болашағын тәрбиелеуде шаршамаңыздар деп ұстаздарға тілек білдіреміз!

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте (оның: 907-мемлекеттік, қалғаны жекеменшік) 514 мыңнан астам оқушы білім алады.

Ал, облыстағы 52 колледжде (оның: 29-мемлекеттік, 23-жекеменшік) 40 мыңнан астам студент оқиды.

Облыс халқының 38%-ы балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы біздің облыста.

Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш.

Жаңа оқу жылы жақсылығымен келіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізейік!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар