Ордабасы ауданы Бадам ауылында С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты жиын «Асылым» бишілер тобының орындауындауындағы қазақтың ұлттық «Сылқылдақ» биімен ашылды.
Салтанатты іс-шараға облыс әкім аппаратының басшысы Еркеғали Амантайұлы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Талғатұлы, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы қатысып, мектеп ұстаздары мен шәкірттеріне өз ыстық лебіздері мен құттықтауларын жеткізді.
1 -сынып бүлдіршіндерінің әсем әні, құттықтау тілектері тыңдалды. Салтанатты жиын қонақтары, еңбек ардагерлері, 11 сынып оқушылары мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1 сыныптарға Әліппе кітабын табыстады. Келген қонақтармен жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімі өткізіліп, мектеп ішін аралап, пән кабинеттерімен танысып, ашық тәрбие сағаттарына қатысты.
Мектепте химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен және интерактивті тақтамен жабдықталған. Тігін үйірмесіне толықтай жабдықталған бөлме,кең спорт залы, асхана және медициналық бөлмесі бар. Әрбір бөлме арнайы құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Өртке қарсы дабыл қаққыш, сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары, жеделсаты да орнатылған. Күні ертең осы білім ордасынан ғылым мен білімді меңгеретін еліміздің талай таланттары шығатынына сенім білдіреміз.