Білім беру ұйымдарында “Мәңгілік ел- мәртебелі тіл” атты онкүндік басталды

Бүгін Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Мәңгілік ел — мәртебелі тіл» онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Соның бірі Азаттық ауылындағы «Түркібасы» жалпы орта мектебінде “5 қыркүйек -Қазақстан халықтарының тілдері күні” мерекесіне «Қасиетті ана тілім» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.

Кеш барысында әрбір қатысушының өз ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметінің шексіз екенін байқамау мүмкін емес еді. Аталған іс-шараға әсіресе, өзбек сыныбының оқушылары белсене атсалысты.

Осындай елжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, насихаттауға бағытталған іс-шаралар онкүндіктің аясында өз жалғасын таба бермек. Сонымен қатар, Өз ана тіліне деген махаббаты сарқылмас, «Намысым — арым» деген азамат тәрбиелеу біздің парызымыз.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар