Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдіскері Калдыбекова Эльмира Әбілқасымқызы мен Сауран ауданының Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нишанбаев Куваниш Нурханович 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысы бойынша түсіндірме және талқылау жұмыстарын жүргізді.
Тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың ерекшеліктерін нақтылау;
Сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы құндылықтарды дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеру бойынша тұжырымдамаға сәйкес кеңестер берілді.
Кездесу соңында бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылып, пікір алмасу мен талқылау жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама мен тәрбие тұжырымдамасының кешенді жоспарын шығармашылық топтармен бірге талқылау жүргізу ұсынылды.