Енді Түркістан облысында аз қамтылған отбасы балалары балабақшаға тегін барады

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы негізінде 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына ата-ананың төлемақысын бюджеттен төленетін болады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде Түркістан облысының білім басқармасы басшының орынбасары Садықова Ардақ Мәдіханқызы мәлімдеді. Игі бастамаға облыстық бюджеттен 496,0 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл игі көмектің шарапатын Түркістан облысында аз қамтылған 9250 отбасы көреді.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі 57 қаулысына сәйкес ата-ананың төлемақасының бір айлық мөлшерінің ең жоғарғы шектік бағасы 3 жасқа дейін 11214 теңге, 3-6 жас аралығында 13630 теңге болып белгіленген.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар