Облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Дене сергіту» челленджі өткізілді

САУРАН ауданы білім бөліміне қарасты Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «ДЕНЕ СЕРГІТУ» челленджі өтт. Челлендж барысында 5-11 сынып оқушылары оқу-ағарту министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы дайындаған әдістемелік ұсынымына сәйкес жаттығулар орындады.

«Тоғыз ай–тоғыз іс-шара» Тұжырымдамасымен білім беру ұйымдарында бірыңғай тәрбие және спорттық іс-шараларын өткізу жоспары негізінде ОРДАБАСЫ ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «ДЕНЕ СЕРГІТУ» челленджі болып өтті. Мақсат — білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

«Тоғыз ай–тоғыз іс-шара» жоспарына сәйкес өткен аталмыш челленджге ТӨЛЕБИ ауданының оқушылары да белсене қатысты. Челлендж шеңберінде оқушылар статикалық қалыпты жеңілдететін, негізгі бұлшықет топтарына арналған, әртүрлі форма мен мазмұндағы, 4-6 рет қайталанатын 3-4 жаттығуды орындады.

ТҮЛКІБАС ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене белсенділігін арттыру мақсатында «Дене сергіту» челленджі өткізілді. Челленджге 1-11 сынып оқушылары мен педагогтер қатысты. Аталған іс-шара – «Майлыкент» ЖОМ білім бөлімінің дене шынықтыру пәнінің әдіскері Жұмабек Елшіұлының ұйымдастыруымен өтті.

«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, бүгін республикалық «ДЕНЕ СЕРГІТУ» челленджі Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды техникалық колледжінде өткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар