Қазақстандық оқушылар тоғызқұмалақ ойынында рекорд орнатты

Алматы қаласында тоғызқұмалақтан сайыс өтті. Іс-шара аясында бір мезетте 2028 оқушы  тоғызқұмалақ ойнап, рекорд орнатты.

Бұл жаңалықты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі тіркеді.

Сондай-ақ Тоғызқұмалақ күні тек Қазақстанда ғана емес, бірнеше мемлекетте де тойланды: Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Латвия, Румыния, Бангладеш, Түркия және Колумбия.

Айта кетейік, 2023 жылдың 21-24 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар  арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар