Сайрам ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Денсаулық — зор байлық” ұранымен Денсаулық фестивалі және «Дене сергіту» челленджі өткізілді.
Бұл спорттық іс-шараға Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева, бөлім қызметкерлері, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
Фестивальде бөлім басшысы Гүлнар Тынымбаева құттықтау сөз сөйлеп, спорттық іс-шараның маңыздылығы туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алған Денсаулық фестивалі, «Дене сергіту» челленджі, жүгіру марафоны, шахмат және футбол ойындарымен жалғасын тапты. Жеңіс тұғырынан көрінген қатысушыларды бөлім басшысы арнайы марапаттады.
Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл спорттық шара жалғасын табады.