Апат кезінде шахтада 252 адам болған

Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағандыда шахтада болған жарылыс кезінде қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты.

Қаза болған кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», — деді Бөлекпаев Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

«Мен шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Біз сіздермен қиын күндерде бірге боламыз және қолдаймыз», — деп қосты Ермағанбет Бөлекпаев.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар