Қазақстандық оқушылар астрономия және астрофизика пәнінен 16-халықаралық олимпиадада жеңімпаз болды

Польшада астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-шы халықаралық олимпиада аяқталды. Оған әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушылары қатысты.

Қазақстан құрамасы жыл сайын «Бөбек» орталығының обсерваториясында оқу-жаттығулардан өтеді. Биылғы жылы біздің оқушылар халықаралық додада екі медаль жеңіп алды:

Күміс – Ахмаджон Табаров – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы,
Қола – Елубай Бекасыл – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы.

Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін жарыс. Мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді.

IOAA-ның негізгі мақсаты — астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру. Биыл байқауға әлемнің 50 елінен 250 қатысушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар