Түлкібаста ғылыми жоба байқауы өтті

Бүгін Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебінде Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» тақырыбында «Ж.Аймауытов педагогикалық еңбектеріндегі ұлттық құндылықтардың көрінісі» атты қазақ, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында ғылыми жоба жұмыстарының байқауы өтті.

Үш тілде өткізілген байқау барысында пән педагогтері Жүсіпбек Аймауытовтың педагогика ғылымына қосқан үлесі, педагогика жөніндегі көзқарасы, ұлт руханияты, даналықтың көздері, философиялық идеялары, ұлт игілігіндегі қызметі, өркениеттің дамуындағы үлесі, ұлттық мүдденің құндылықтары жайында жобалық жұмыстарын қорғады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар