Шетелден тәжірибе жинақтаған ұстаз

Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса – бұл ұстаздар еңбегі. «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, оқушыға білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса, жемісі де шырынды болмақ. Қазіргі заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Оның қызметін тұтастай адамтану ғылымы деп алсақ, бұл ғылым адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу шеберлігімен көрінеді.

Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден-бір жол салады. Осындай ұстаздың бірі Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нарбекова Динара Балкибекқызы. Динара Нарбекова, АҚШ, Вашингтон қаласында орналасқан IREX университетінің қаржыландыруымен ұйымдастырылған «Fulbright Teaching excellence and achievement program» грантын ұтып алып, тәжірибе алмасу шеңберінде АҚШ-та алты апталық біліктілік арттыру және тәжірибе алмасу бағдарламасынан өтіп, сертификат алып келді.

Қазіргі таңда ол тәжірибе алмасу барысында алған әдістері мен құнды дүниелерін әріптестерімен бөлісуде.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар