Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдерімен №7 «Тұран» мектеп-гимназиясында аудандық география пәні мұғалімдеріне арналған 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша ақпараттық семинар өтті.
Семинар барысында Жетісай ауданы білім бөлімінің география пәні әдіскері Есенбаева Ұлжан Бақытқызы әдістемелік нұсқаулықпен таныстырып, 2023-2024 оқу жылында оқушылармен жұмыс жасауды күшейтуді алға тартты. Сондай-ақ ғылыми жобалардың маңызын ескере отырып, Жетісай ауданының географтары бірігіп, өзекті тақырып бойынша бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
География пәні мұғалімі, магистр Торгаутова Айсапар, ғылыми жобалардың мақсат — міндеттері мен жалпы құрылымы туралы баяндап берсе, ал №72 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Карикбаев Серік «География пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.