Қазығұрт: Сырлысайда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекенінде «Сырлысай» жалпы білім беретін мектептің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылды.

Атаулы іс-шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, білім бөлімінің м.у.а Амирхан Мамытбаев қатысты.

Сырлысай мектебінің құрылысына облыстық бюджеттен 686,0 млн.теңге қаралып, 2021-2023 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Мектептің сыйымдылығы -200 орынды құрайды.

Мектепте 37 компьютер, 2 лингафон ағылшын және орыс тілдер кабинеттері бар. Еңбек кабинеті ұлдар, қыздар болып бөлінген.

Қыздар кабинеті 8 тігін машинамен, ал ұлдар кабинеті түрлі станоктармен қамтылған. Мектепте кітапхана, спорт зал барлық инвентарлармен,

химия, биология, физика кабинеттері арнайы жабдықтармен толық қамтылған. Асхананың сыйымдылығы — 60 оқушыға және лифт екі қабатта да жұмыс істеп тұр.

— Білім беру саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» — дей келе, — «Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде. Сондықтан, ұлт болашағы саналатын білімді жастарды тәрбиелеу мен оларды оқытатын ұстаздар қауымының әлеуеті әрдайым біздің басты назарымызда болады, — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ, мектеп құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беріп отырған мердігер «Altyn LTD» серіктестігіне тұрғындар атынан алғысын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар