Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Түркібасы» жалпы орта мектеп кітапханасында кеше «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір отбасы — бір кітап» тақырыбында отбасылық байқау өткізілді.
Мақсат — бала тәрбиесінде кітап оқудың орны ерекше екенін түсіндіру. Отбасы — мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие — отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
Байқауға аудандағы бірнеше үлгілі отбасылар қатысты. Ең үздік кітап оқитын отбасы Сатыбалдиева және Сартаевалар отбасы болды. Іс-шара барысында отбасы туралы ата-анаға, балаларға арналған жеке сұрақтар қойылды. Әр отбасы оқыған кітаптарын өздерінше қорғап шықты. «Әжемнің ертегілері» тақырыбында ертегі оқылды. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Байқауға қатысқан отбасыларға арнайы сыйлықтар берілді.